Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі

Хабарландыру мәтініне
персоналды басқару қызметі жауапты

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға
ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы
№ Санаты Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген
жылдарын есептегенде
теңгеден теңгеден
1 D-O-2 163232 220698
2 D-O-3 109932 148242
3 D-O-4 83 282 112 431

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511,523 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 433675, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Жамбыл облысы әкімі аппараты мен Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының қаржыландыру және есеп бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №01-03-04-01 Функционалдық міндеттері: басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын басшылыққа алып орындау және бөлім жұмысына басшылық жасау; Басқарма бойынша аппарат қызметкерлерінің және келісім-шартпен жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбек ақысын ай сайын есептелуін, олардың зейнетақы қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, басқа да тиісті мекемелерге тиісті төлемдердің уақытылы аударылуына басшылық жасау және оның орындалуын қадағалау; Облыстың ауылшаруашылығы тауарларын өндірушулерді қолдауға республикалық және жергілікті бюджет есебінен берілетін ағымды нысаналы трансферттер бойынша келіп түскен төлем құжаттарына сәйкес төлем жасауға басшылық жасау, үйлестіру, ұйымдастыру және оның орындалуын қадағалау; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мерзімде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жасалып бекітілуін, қажет болған жағдайларда келіп түскен тапсырыс негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізілуін, басқармаға қажетті тауарларды, заттарды, мүліктерді және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін келісім-шарттардыңжасалуын, жасалған келісім – шарттың талаптарының орындалуын және оны электронды жүйе арқылы орындалуын қадағалау; Облыстық, аймақтық және салалық ауыл шаруашылық бағдарламаларын әзірлеуге ат салысу және бухгалтерлік есептік саясат мәселесі бойынша облыстық басқармалармен, АӨК көсіпорындарымен бірлесіп әрекет жасау. Қаржылық, салықтық, статистикалық, мемлекеттік сатып алу, субсидия, трансферттер және негізгі құралдар туралы есептердің уақытылы берілулерін қадағалау; Басқарманың бухгалтерлік есебін халықаралық стандартқа сай жүргізілуін және бухгалтерлік есептің озық үлгідегі бағдарламалар негізінде жүргізілуін қамтамасыз ету; Басқармадағы негізгі және айналмалы қорлар есебіндегі бағалы заттарды және басқада құндылықтардың тиімді пайдалануларын және сақталуын бақылау жасау. Қажетті болған жағдайда, кезектен тыс, заттарды түгендеу және басқада тексерістер ұйымдастыруға ұсыныс жасау; Басқарманың қаржыландыру жоспарына сәйкес айларға бөлінген қаржылар бойынша ай сайын уақытылы игерілуін қадағалау; Облыс Әкімінің, орынбасарларының шешімдері мен өкімдерін, ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмаларын, алқа мәжілістері шешімдерін, басқарма бастығының бұйрықтарын, орынбасарларының тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыру және бақылауға алу; Бөлім мамандарының электрондық 1С «Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуін қадағалау. Мамандар еңбек демалысына кеткенде және денсаулығына байланысты жұмыста жоқ болған кезде уақытша бірінің міндетін бірі атқаруды ұйымдастыруды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы білімі. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе әлемдік экономика).
«Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Астық туралы», «Тұқым шаруашылығы туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының эпизоотиялық
және паразитологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 01-03-01.
Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды және өзара ақпарат алмасу; облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету; облыс Әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмалары мен бұйрықтарының, алқа мәжілістері шешімдерінің, басқарма бастығының бұйрықтары мен белгілеген іс-шараларының ветеринария саласына қатысты басқа да мәселелердің орындалуын; уәкілетті органмен келісім бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларын болдырмау мақсатында алдын-алу іс-шараларының және диагностикалық тексерулер жоспарын жасау, бекітуді және жүзеге асыру, ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сақтау, оларды аудандардың жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді), эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды зерттеп-зерделеп қарау, жүргізу; ветеринария бөліміне тікелей басшылық жасау, белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы белгілеу арқылы бөлім мамандарының біріне тапсыру, бөлім жұмысына байланысты құжаттардың, іс-қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін; ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізуді, ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға рұқсат құжаттарын беруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;
қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы белгілеу арқылы бөлім мамандары біріне тапсырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринария саласында. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының мемлекеттік
ветеринариялық инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, № 01-04-02.
Функционалдық міндеттері: Жамбыл облысы аумағында Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларды тексеруді, жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; ветеринария туралы заңында берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығару; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою; «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға» есептік нөмірлерді беру; ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын бақылау және қадағалау; Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау; қажеттілігіне қарай бөлім басшының басқада тапсырмаларын орындау; жеке азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштеріне жауап дайындау; бөлім жұмысына байланысты құжаттарды даярлау; іс-қағаздарының жедел және дұрыс жүргізілуін, ветеринария саласын бақылау және қадағалауды жүзеге асыру; бөлімнің басшысы еңбек демалысына шыққан немесе еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда уақытша міндетін атқару; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринария саласында. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 01-04-01.
Функционалдық міндеттері: бөлімге басшылық жасау, бөлім қызметкерлері арасында лауазымдық міндеттерді бөлу. Перзентхана ұйымдарының қызметін үйлестіріп бақылайды, практикаға диагностика және емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыруға республикалық және облыстық жоспарларға сәйкес ғылыми жетістіктерді, жоғары технологияларды және методикалық материалдарды енгізуді үйлестіру. Тұрғындардың медициналық көмек бойынша шағымдарын туғызу себептерін талдау және оны болдырмау. Ішкі аудитті ұйымдастыруды және облыстың емдеу алдын алу ұйымдары бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету.Меншік түріне қарамастан амбулаториялық емханалық және стационарлық жағдайда науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушерлік-гинекологиялық бағыт бойынша жүкті және босанған әйелдерге көрсетілетін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмекті талдау және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарап, сапалы жауап берілуін қамтамасыз ету. Барлық емдеу-алдын алу ұйымдарының сала бойынша жұмысын үйлестіру. Бөлімнің басқарма басшылығы мен және басқа да құрылымдық бөлімшелерімен байланысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы. Мамандығы: жалпы медицина.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
5. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 01-12-01.
Функционалдық міндеттері: бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және талдау. Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламаларына, тұжырымдамаларына, стратегиялық және операциялық даму жоспарларына мониторинг және бағалау. Денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкімдігі арасындағы шарттарды (меморандумдарды) әзірлеу жұмысын ұйымдастыру және шарттар жасасу. Облыстың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруға қатысу. Өңірлік бағдарламаларының (стратегиялық даму жоспарлары) стратегиялық және басқа да дерективтік құжаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу жұмысына жетекшілік жасау. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Барлық емдеу-алдын алу ұйымдарының сала бойынша жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу.Денсаулық сақтау ісін реформалау және дамыту мәселелері бойынша ведомстоволық қарасты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Ведомстволық қарасты ұйымдарға басқарманың құзыретіне жататын мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау және олардың орындалуына бақылау жүргізу. Жетекшілік жасалатын бағдарламалар бойынша дәрілік заттардың қажеттілігін қалыптастыруға қатысу. Халық денсаулығына қауіп-қатер келтіретін факторларды мониторингілеу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы талаптарды реттеу және орындау.Денсаулықты нығайту жөніндегі салааралық және ведомстволық қарасты ұйымдар арасында жұмыс жасау. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты және сектораралық бағдарламаларды іске асырылуына жетекшілік жасау. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың ведомстволық қарасты ұйымдармен орындалуын мониторингілеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: жалпы медицина немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
6.Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, №01-03-01.
Функционалдық міндеттері: меншік түріне қарамастан хирургиялық, терапевтік және бастапқы медициналық санитарлы көмек бағыттары бойынша облыстың мекемелері мен кәсіпорындарында емдеу алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру. Ұйымдық-методикалық жетекшілікті қамтамасыз ету, мамандықтар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру, статистикалық есептерді, аурушаңдық және өлім көрсеткіштерін талдау, оны одан әрі жақсарту мәселелерін қарастыру. Стационарлардың және амбулаториялық-емханалық ұйымдарының есеп құжаттарының нақтылығын талдау. Алқаға материалдар даярлауға қатысу. Науқастарды квота бойынша емдеуге жіберу комиссиясына қатысу және бақылау жасау. Денсаулық сақтау Министрлігі алдында мерзімдік есеп беру. Салалар бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру. Меншік түріне қарамастан амбулаториялық-емханалық жағдайда сапалы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, ауруды ерте анықтауға бағытталған шараларды жүргізу. Конференциялар мен симпозиумдарға қатысу, консилиумдар жүргізу, конференциялар және семинарлар, лекциялар ұйымдастыру. Мамандықтар бойынша аурушаңдықты талдау, облыстағы демографиялық ахуалға бақылау жүргізу (туу, өлім) ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін денсаулық сақтау саласы бойынша енгізу. Меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалардың медициналық жұмысын лицензиялау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарап, шұғыл шаралар қабылдау.Ауруларды квота бойынша жіберу комиссиясының жұмысын бақылау. Штаттан тыс мамандардың жұмысын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы.Мамандығы: жалпы медицина.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
7. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, санаты D-O-2, 1 бірлік (№ 1-1).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастыру, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз ету, облыс әкімдігінің қаулыларын, орталық атқарушы органдардың облыс аумағында орналасқан отын-энергетика кешенінің индустриалды-инновациялық даму бірыңғай стратегиясы мәселелерін қалыптастыруды жүзеге асырады. Энергетиканы және энергоүнемдеуді Жамбыл облысында дамыту бойынша мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру. Электр энергетика нысандарының жұмысын қысқы маусымға дайындау іс-шараларын ұйымдастыру және орындалуын бақылау. Облыс аумағындағы қала және аудан әкімшіліктерінің энерготиімділікті арттыру және энергоүнемдеуге байланысты қызметін рейтингтік бағалау және мониторинг жұмыстарын бақылау. Облыс аумағында орналасқан отын-энергетика кешенінің және облыстың индустриалды-инновациялық даму концепциясы және бағдарламалар мәселелері бойынша өндірістік машинаны тиімді пайдалануын, бәсекеге қабілетті тауарлардың шығарылуын ұлғайту, номенклатурасын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындардың тоқтаусыз электрмен, газбен, жылумен қамтамасыз етуін, түрлі меншік иелерін ұйымдастыруды бақылау, облыстың даму бағдарламасының басқармаға қатысты бөлігін, стратегиялық жоспарын әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласында. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

8.Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, 1 бірлік, № 07-1.
Функционалдық міндеттері: басқармаға қарасты мекемелерге бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына, ағымдағы және болашақ жоспарларын қадағалап, бақылау жасайды.Бюджет қаржысын тиімді пайдалану үшін қайта қабылданған қаржылық нормативтік құжаттармен мәдениет және архивтер мекемелерін таныстырып, олардың орындалуына жауап береді. Өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асырады.Басқармаға қарасты мекемелердің толық жоспарланған қаржыларының орындалуын қадағалайды және стратегиялық, салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды.Басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын бақылайды. Мемлекет мүлкін сақтауды қамтамасыз ету үшін мекемелердің мүліктеріне түгендеме жүргізілуін қадағалайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары аясында атқарылатын жұмыстарды үйлестіреді. Жоғары және өкілетті органдардан, жеке және заңды тұлғалардан (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінен, облыстық әкімдіктен т.б.) келіп түскен құжаттардың, өтініштердің орындалуын қадағалайды.Мекемелердің қаржылық-экономикалық жұмыстарын қадағалап, бақылайды. Өзінің функционалдық міндеттеріне сәйкес басшылық тарапынан берілетін тапсырмалардың өз уақытында сауатты әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты», Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу», «Мәдениет туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
9. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мониторинг және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №09.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мониторинг және бюджеттік жоспарлау жұмысын жүзеге асырады. Бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру барысында, бюджетті қалыптастыратын уәкілетті органға бюджеттік өтінім ұсыну, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар дайындайды. Басқарманың қызметіне мониторинг және бақылау жасайды. Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу, жасау және тікелей нәтижеге қол жеткізу көрсеткіштеріне мониторинг және бақылау жүргізеді.Нысандардың жобалау және құрылыс жұмыстары (қайта жөңдеу, жөңдеу) саласында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, облыс және Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, әзірлеу, жүргізу, бақылау және мониторинг жасап отырады. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүше ретінде қатысады. Басшылардың тапсырмаларын орындайды. Бөлімнің жұмысын жоспарлайды, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттемелерді бөледі. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарына жауап дайындайды. Бөлімнің жұмысын жақсарту жөнінде басшылыққа ұсыныс беріп отырады. Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады. Республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына тікелей жауапты. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен құпия болып саналатын мәліметтерді таратпау бойынша өзіне жауапкершілік қабылдайды, сонымен қатар басқармадан өзіне тиесілі емес құжаттар, іс-қағаздар, мүлік және басқа да заттарды басқарма бастығының рұқсатынсыз алып шығармауға жауапкершілік қабылдайды. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Мемлекеттік сатып алу жоспарына бақылау, аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің және облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарының өзгерілуіне мониторинг жүргізеді. Бөлім қызметкерлерінің міндеттемелерінің орындалуын қадағалайды, бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуін қадағалайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарттарды бақылайды. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің және Әкімінің, облыстық мәслихаттың актілерінің орындалуын жүзеге асырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімімен өзара бірігіп жұмыс атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құрылыс немесе құқықтану немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
10. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, №08-4.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу, ұйымдастыру кезінде: мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүше немесе хатшы ретінде, сондай-ақ келісім бойынша басқармадан тыс жерде өткізілетін конкурс комиссиясының мүшесі немесе хатшысы ретінде қатысады; тауарлар, жұмыс пен қызмет сатып алуды ұсынушы-тапсырыс берушілерден құжаттар қабылдайды; тапсырыс берушімен (конкурс бастаушылармен) сатып алу рәсімін ұйымдастыруға, ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, немесе толық ұсынылмаған жағдайда анықталған кемшіліктер жайлы бөлім бастығына баяндайды; конкурстық құжаттамалар мен конкурс өткізу туралы бұйрық жобаларын әзірлейді; мемлекеттік сатып алу туралы заңдылыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілетіні, өткізілген конкурс нәтижелері туралы хабарлайды; ықтимал өнім берушілермен конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізу, конверттерді ашу, қатысуға рұқсат беру, сондай-ақ өткізілген конкурс нәтижелері туралы кездесу хаттамасын түзейді; келісім-шарт жасау мақсатында конкурс жеңімпазын хабардар етеді; мемлекеттік мекемелермен, министрліктермен, уәкілетті органмен, ықтимал өнім берушілермен, сырт мекемелермен, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелермен басқарма құзырындағы мәселелер бойынша хаттарға жауап жобасын әзірлейді; басқармаға жүктелген міндеттер аясында бөлім басшысының ауызша немесе жазбаша тапсырмасымен басқа да жұмыстар атқарады; Мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен ұйымдастыру және өткізу кезінде:мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізуге қажетті құжаттарды жинақтау, келісім алу, сараптама жасау жұмыстарын жасайды; бір көзден алу жұмыстарын сатып алуға бұйрықтардың жобасын және хаттамасын әзірлейді; бағалық ұсыныстар сұрату тәсілімен өнім берушіні таңдауға мемлекеттік сатып алу ұйымдастырады және өткізеді; мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес, конкурстық құжаттамамен көрсетілген әдіспен және шартпен ықтимал өнім берушімен конкурстық өтінімді қамтамасыз етілген қаржыны қайтару рәсімін ұйымдастырады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен құпия болып саналатын мәліметтерді таратпау бойынша өзіне жауапкершілік қабылдайды, сонымен қатар басқармадан өзіне тиесілі емес құжаттар, іс-қағаздар, мүлік және басқа да заттарды тікелей бастықтың рұқсатынсыз алып шығармауға жауапкершілік қабылдайды. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу мәселесі бойынша берген арыз-шағымдарына жауап дайындайды. Басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі, облыс әкімдігінің, облыстық мәслихат актілерінің орындалуын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қазақстан Республикасының Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
11. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 11-1.
Функционалдық міндеттері: бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады. Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф2 актісі және № 3 анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу барысында ақаулық ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді. Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
12. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 06-5.
Функционалдық міндеттері: бөлімде өзіне жүктелген міндеттер бойынша жұмыс атқарады, бөлім құзырындағы мәселелердің шешілуіне және басшылардың тапсырмаларын орындауға жеке дара жауап береді. Бөлім жұмысының тиімділігін арттыруға ұсыныстар енгізеді. Облыс көлеміндегі тұрғын үй және мәдениет – тұрмыстық құрылыстардың бағдарламаларын жасауға қатысады, жүргізіліп жатқан құрылыстардың техник-экономикалық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Облыс әкімі мен әкімдігінің, облыстық мәслихаттың актілерін орындауды жүзеге асырады. Облыс аумағындағы елді мекендерді дамыту бағдарламасын жасауға қатысады. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың ішкі еңбек тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Мердігерлік мекемелермен құрылыс жұмыстарының құрылыс жоспарына және кестесіне сәйкес сапалы, уақтылы жүргізілуін бақылайды. Құрылыс нысандары бойынша Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің құрылыс бөлімдерімен өзара бірлесе отырып әрекет жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы: құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе су ресурстары және суды пайдалану.
Қазақстанның «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
13. Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мониторинг және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы санаты D-О-4, 1 бірлік, № 09-3.
Функционалдық міндеттері: бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстарды атқарады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мониторинг және бюджеттік жоспарлау жұмысын жүзеге асырады. Бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру барысында, бюджетті қалыптастыратын уәкілетті органға бюджеттік өтінім ұсыну, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау және олар бойынша қорытындылар дайындайды. Басқарманың қызметіне мониторинг және бақылау жасайды. Басқарманың бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу, жасау және тікелей нәтижеге қол жеткізу көрсеткіштеріне мониторинг және бақылау жүргізеді. Нысандардың жобалау және құрылыс жұмыстары (қайта жөңдеу, жөңдеу) саласында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, облыс және Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, әзірлеу, жүргізу, бақылау және мониторинг жасап отырады. Мемлекеттік сатып алу конкурстарына мүше ретінде қатысады. Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім құзырына қатысты заңды және жеке тұлғалардың шағымдарына жауап дайындайды, бөлім құзырындағы мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен құпия болып саналатын мәліметтерді таратпау бойынша өзіне жауапкершілік қабылдайды, сонымен қатар басқармадан өзіне тиесілі емес құжаттар, іс-қағаздар, мүлік және басқа да заттарды тікелей бастықтың рұқсатынсыз алып шығармауға жауапкершілік қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің және Әкімінің, облыстық мәслихаттың актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Мемлекеттік сатып алу бойынша келісім-шарт қатынастарды бақылайды. Жоспарланған істердің уақтылы және сапалы орындалуын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы: экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құрылыс немесе құқықтану немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.
Қазақстанның «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Азаматтық Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
14.Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы, санаты D-О-4, 1 бірлік, № 2-2.
Функционалдық міндеттері: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге декомиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалаужүргізуді қамтамасыз ету. Кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады. Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі): оған Заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандығы: кәсіптік (жалпы).
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.
15.Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор, санаты D-О-4, 1 бірлік, №4-4.
Функционалдық міндеттері: мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың ҚР жер заңдарын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына, межелiк белгiлердiң сақталуын және бүлiнген жердiң жаңғыртылуын қадағалау, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асыру, жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге, жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауын ұйымдастыруын жүзеге асыру әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарау; төлемеген айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру мақсатында қажетті құжаттарды сот органдарына жолдау, пайдалы қазба кен орындарын геологиялық барлау, іздестіру және игеру кезінде геодезиялық, картографиялық жұмыс іс-шараларын дұрыс атқаруын қадағалау; ҚР жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы. Мамандығы: жерге орналастыру немесе кадастр немесе құқықтану.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________

________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Top