Бос лауазымдар

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-2 163166 220682

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (№01-01) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды бақылау; Облыс әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмалары мен бұйрықтарының, алқа мәжілістері шешімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен белгілеген іс-шараларының осы салаға байланысты басқа да мәселелердің орындалуын ұйымдастыру, өзіне бағынысты бөлімдердің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жұмыстарын үйлестіру; салаға қатысты хаттар мен арыз- шағымдарды тексеруді бақылау; басқармадағы төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі мәселелерін ұйымдастыруға басшылық жасайды; басшылық жасайтын бөлімдердің бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын Заң талаптарына сәйкес рәсімделуін бақылау; басқарманың шығындары бойынша қаржы жылына бюджеттік өтінімдерді қағидаларға сәйкес әзірленуін қадағалау; трансферттер бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуін қадағалау; басқармада мемлекеттік сатып алу жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізілуін және уақытылы орындалуын қадағалау; бағынысты мекемелердің шығындарының жоспарлануын қадағалау; бағынысты мекемелердің шығындарының тиімді игерілуін қадағалау; бағынысты мекемелердің қаржы түсімдерін қадағалау; жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қадағалау; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша жұмыстарды қадағалау; Осы міндеттерді атқарумен қатар жоспарлау, қаржыландыру және әкімшілік бөліміне басшылық жасайды; белгілі себептермен жұмыста жоқ болған жағдайда міндетін басқарма басшысының белгілеуімен орынбасарлардың біріне жүктеледі; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – Құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: Құқықтану немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (№01-02) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды бақылау; Облыс әкімі мен оның орынбасарларының шешімдерінің, өкімдерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмалары мен бұйрықтарының, алқа мәжілістері шешімдерінің, басқарма басшысының бұйрықтары мен белгілеген іс-шараларының осы салаға байланысты басқа да мәселелердің орындалуын ұйымдастыру, өзіне бағынысты бөлімдердің іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау; салаға қатысты хаттар мен арыз- шағымдарды тексеруді бақылау; жобалық басқару шеңберінде бекітілген жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына бақалау жасау; облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастыруын және жүргізілуін қадағалау; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауын (жеткізуді) қадағалау; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды қадағалау; ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс етуді қадағалау; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қадағалау; Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды қадағалау; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді қадағалау; Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жұмыстарын қадағалау; Осы міндеттерді атқарумен қатар эпизоотияға қарсы іс-шаралар, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімдеріне басшылық жасайды; Белгілі себептермен жұмыста жоқ болған жағдайда міндетін басқарма басшысының белгілеуімен орынбасарлардың біріне жүктеледі; Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және енбекті қорғау іс-шаралары мен ұжымның ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринария саласындағы. Мамандығы: ветеринария саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Ветеринария туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек, Бюджет Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

  «Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
  Нысан
  __________________________
  (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________________

e-maіl: ______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

_________ ___________________________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ;.

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-1 182456 246519

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 401, 402 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, факс: 454628, e-mail: a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы-облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері D-О-1 санаты, (№041), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың ережесінде көзделген функцияларды жүзеге асырады. Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершілік артады. Орындауға жіберілген жоспарлы құжаттарға, нормативтік-құқықтық актілерге бақылау жасайды. Мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізуді бақылайды. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін, рұқсат беру құжаттарының берілуін бақылайды. Басқарма мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады. Басқарманың құзіретіне кіретін барлық өкімдік, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды. Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен ветеринария мәселелері жөніндегі өтініштерді қарайды, ветеринариялық заңнама бойынша кеңес және түсінік береді. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Аудандық және Тараз қалалық ветеринария бөлімдерінің қызметін үйлестіреді, әдістемелік көмек көрсетеді және олардың орындалуын бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Белгілі жағдайда жұмыста жоқ кезде арнайы белгілеу арқылы бөлім басшылары біріне тапсырады..

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ветеринария саласындағы. Мамандығы: Ветеринария саласындағы (жалпы).

««Қазақстан-2050″ Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Еңбек, Бюджет, Жер, Орман, Су Кодекстерін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы басшысы,                D-О-1 санаты, (№031), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: облыстың аграрлық саясатты әзірлеу мен жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру және басшылық жасауды жүзеге асыру. Өз құзыры шегінде басқарма аппараты кадрларын АӨК жүйесінде іріктеу және тағайындау. ҚР заң және нормативтік-құқықтық актілерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар актілерінің орындалуын бақылау. Агроөнеркәсіп кешенін реформалауды, ауылшаруашылығы субъектілерін қаржылық сауықтыруды, инвестициялық саясатты жүргізу, ауылдық аумақтарды және инфрақұрылым нарығын дамыту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету немесе ветеринария саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе мемлекеттік және жергілікті басқару. Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе экология немесе ветеринария (жалпы) немесе жерге орналастыру немесе машина жасау немесе көлік, көлік техника және технологиялары немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе гидрология немесе метеорология немесе химия немесе биология немесе экология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Top