Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

View this post on Instagram

ҚР «Ветеринария туралы» Заңы мен ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидасына сәйкес еліміз аумағындағы төрт түлік мал түгел бірдейлендірілуге тиіс. Бұл – мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін; құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде), тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде); Тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін бірдейлендіріледі. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жергілікті жердегі ветеринар маманға алынған төл туралы хабарлап, оны бірдейлендіруді қамтамасыз етуге тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Бірдейлендіру жергілікті атқарушы органның ветеринар мамандарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты мен регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. Бірдейлендіру кезінде ауыл-шаруашылығы жануарына жеке нөмір, ветеринариялық паспорт беріліп, ауыл-шаруашылығы жануары туралы мәліметтер бірдейлендіру дерекқорына енгізіледі. Жеке нөмір беру мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жылқы және түйе малын, шошқаларды ерекшеліктеріне қарай сырғалау, таңба басу немесе чип салу тәсілімен жүргізіледі. Сырғалау аспалы сырғаны (құлақ жапсырмасын) ауыл шаруашылығы жануарының оң құлағына көк тамырын зақымдамай бекіту арқылы жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді. Мүйізді ірі қара, қой-ешкі, түйе, шошқа малдарын сырғалау арқылы бірдейлендіру бюджет қаражаты есебінен, ал жылқы мен өзге де малды чиптеу, таңбалау арқылы бірдейлендіру заңда белгіленген тәртіппен мал иелерінің

A post shared by Ветеринария басқармасы (@uprvet.zhambyl) on