2020 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледі

2020 жылдың 1 сәуіріне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
– зейнеткерлік жасқа толуы бойынша төлемдер – 16,7 млрд теңге;
– ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;
– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;
– мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;
– жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;
– мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.
Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы – 506 980 теңге болды.